16.02.2023
2023 жылғы 15 ақпанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде 1 курс студенттерінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты В.Н.Моисеевамен «Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды» тақырыбында кездесуі өтті. Кездесу кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілді. Полиция қызметкері өз әңгімесінде ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақаты сияқты қылмыстар жасағаны үшін жасөспірімдердің жауапкершілігіне тоқталды. Инспектор кәмелетке толмағандар үшін жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қай жылдан басталатынын және қандай жазалар қолданылатынын еске салды. Білім алушылар учаскелік инспекторды ынта қойып тыңдап, өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.